Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату параметрлері

Linux операциялық жүйелері бар құрылғыларға Kaspersky Security Center Web Console серверін орнату үшін Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін Басқару серверіне қосу параметрлерін қамтитын жауаптар файлын (JSON пішіміндегі файл) жасау қажет.

Минималды параметрлер жиынтығы, мекенжайы және әдепкі бойынша порты бар жауаптар файлының мысалы:

{

"address": "127.0.0.1",

"port": 8080,

"defaultLangId": 1049,

"enableLog": false,

"trusted": "127.0.0.1|13299|/var/opt/kaspersky/klnagent_srv/1093/cert/klserver.cer|KSC Server",

"acceptEula": true,

"certPath": "/var/opt/kaspersky/klnagent_srv/1093/cert/klserver.cer",

"webConsoleAccount": "Group1:User1",

"managementServiceAccount": "Group1:User2",

"serviceWebConsoleAccount": "Group1:User3",

"pluginAccount": "Group1:User4",

"messageQueueAccount": "Group1:User5"

}

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін ALT Linux операциялық жүйесі бар құрылғыға орнату кезінде, онда 8080-порттан ерекшеленетін портты көрсету керек, себебі 8080-портты операциялық жүйе қолданады.

Төмендегі кестеде, жауап файлында көрсетуге болатын параметрлер сипатталған.

Linux операциялық жүйелері бар құрылғыларда Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату параметрлері

Параметр

Сипаттамасы

Қолжетімді мәндері

address

Kaspersky Security Center Web Console Server серверінің мекенжайы (міндетті параметр).

Жол мәні.

port

Kaspersky Security Center Web Console Server сервері Басқару серверіне қосылу үшін пайдаланатын порт нөмірі (міндетті параметр).

Сандық мән.

defaultLangId

Пайдаланушы интерфейсі тілі (әдепкі бойынша 1033).

Тілдің сандық коды:

  • Неміс тілі: 1031
  • Ағылшын тілі: 1033
  • Испан тілі: 3082
  • Испан тілі (Мексика): 2058
  • Француз тілі: 1036
  • Жапон тілі: 1041
  • Қазақ тілі: 1087
  • Поляк тілі: 1045
  • Португал тілі (Бразилия): 1046
  • Орыс тілі: 1049
  • Түрік тілі: 1055
  • Жеңілдетілген қытай тілі: 4
  • Дәстүрлі қытай тілі: 31748

Егер мән көрсетілмесе, ағылшын тілі қолданылады.

enableLog

Kaspersky Security Center Web Console белсенділік журналын қосу немесе өшіру.

Логикалық мән:

  • true – белсенділік журналын қосу (әдепкі бойынша таңдалған).
  • false – белсенділік журналын өшіру.

trusted

Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасына қосылуға рұқсат етілген сенімді Басқару серверлері тізімі (міндетті). Әрбір Басқару сервері үшін келесі параметрлер белгіленуі керек:

  • Басқару сервері мекенжайы;
  • Басқару серверіне қосылу үшін Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы пайдаланатын OpenAPI порты (әдепкі бойынша 13299);
  • Басқару серверінің сертификатына апаратын жол;
  • кіру терезесінде көрсетілетін Басқару серверінің атауы.

Параметрлер тік сызық таңбаларымен бөлінген. Егер бірнеше Басқару сервері көрсетілсе, оларды тік сызықтың екі таңбасымен бөліңіз.

Келесі пішімдегі жол мәні:

"server address|port|certificate path|server name".

Мысалы:

"X.X.X.X|13299|/cert/server-1.cer|Server 1||Y.Y.Y.Y|13299|/cert/server-2.cer|Server 2".

acceptEula

Лицензиялық келісімнің шарттарын қабылдайсыз ба. Лицензиялық келісімнің шарттары бар файл орнату файлымен бірге жүктеледі (міндетті).

Логикалық мән:

  • true – Мен осы Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімінің ережелері мен шарттарын толық оқып шыққанымды, түсінгенімді және қабылдайтынымды растаймын.
  • false – Мен Лицензиялық келісімнің шарттарын қабылдамаймын (әдепкі бойынша таңдалған).

certDomain

Егер сіз сертификат жасағыңыз келсе, сертификат жасалуы керек доменнің атауын көрсету үшін осы параметрді пайдаланыңыз.

Жол мәні.

certPath

Егер сіз бар сертификатты пайдаланғыңыз келсе, сертификат файлының жолын көрсету үшін осы параметрді пайдаланыңыз.

Жол мәні.

Қолданыстағы сертификатты қолдану үшін "/var/opt/kaspersky/klnagent_srv/1093/cert/klserver.cer" жолын көрсетіңіз. Пайдаланушы сертификаты үшін осы сертификат сақталатын каталогқа жолды көрсетіңіз.

keyPath

Егер сіз бар сертификатты пайдаланғыңыз келсе, кілт файлының жолын көрсету үшін осы параметрді пайдаланыңыз.

Жол мәні.

webConsoleAccount

KSCWebConsole жұмыс істейтін есептік жазба.

Келесі пішімдегі жол мәні: "group name:user name".

Мысалы: "Group1:User1".

Егер мән көрсетілмесе, Kaspersky Security Center Web Console орнатушысы әдепкі бойынша user_management_%uid% есептік жазбасын жасайды.

managementServiceAccount

KSCWebConsoleManagement қызметі жұмыс істейтін есептік жазба.

Келесі пішімдегі жол мәні: "group name:user name".

Мысалы: "Group1:User1".

Егер мән көрсетілмесе, Kaspersky Security Center Web Console орнатушысы әдепкі бойынша user_nodejs_%uid% есептік жазбасын жасайды.

serviceWebConsoleAccount

KSCSvcWebConsole қызметі жұмыс істейтін есептік жазба.

Келесі пішімдегі жол мәні: "group name:user name".

Мысалы: "Group1:User1".

Егер мән көрсетілмесе, Kaspersky Security Center Web Console орнатушысы әдепкі бойынша user_svc_nodejs_%uid% есептік жазбасын жасайды.

pluginAccount

KSCWebConsolePlugin қызметі жұмыс істейтін есептік жазба.

Келесі пішімдегі жол мәні: "group name:user name".

Мысалы: "Group1:User1".

Егер мән көрсетілмесе, Kaspersky Security Center Web Console орнатушысы әдепкі бойынша user_web_plugin_%uid% есептік жазбасын жасайды.

messageQueueAccount

KSCWebConsoleMessageQueue қызметі жұмыс істейтін есептік жазба.

Келесі пішімдегі жол мәні: "group name:user name".

Мысалы: "Group1:User1".

Егер мән көрсетілмесе, Kaspersky Security Center Web Console орнатушысы әдепкі бойынша user_message_queue_%uid% есептік жазбасын жасайды.

webConsoleAccount, managementServiceAccount, serviceWebConsoleAccount, pluginAccount немесе messageQueueAccount параметрлерін көрсетіп жатсаңыз, онда конфигурацияланатын пайдаланушы есептік жазбалары бір қауіпсіздік тобына жататынына көз жеткізіп алыңыз. Егер бұл параметрлер көрсетілмесе, Kaspersky Security Center Web Console орнатушысы әдепкі бойынша қауіпсіздік тобын жасайды, содан кейін осы топта әдепкі бойынша атаулары бар пайдаланушы есептік жазбаларын жасайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Басына оралу